Ардақты студенттер, қадірлі ұстаздар!
Көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Бұл күн – жаңарудың, ізгіліктің, татулық пен берекенің бастауы. Табиғат түлеп, жер ана жаңарған сәтте әр шаңыраққа қуаныш, молшылық және бақыт бірге келсін.
Жаңа жыл әрқайсымызға жаңа мүмкіндіктер, жарқын жетістіктер мен игі бастамалар әкелсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүректеріңізге шаттық тілейміз.
Ынтымақ пен бірлік орнаған елімізде әрдайым бейбітшілік пен береке болсын!
✨ Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаңыз жол болсын!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.