logo

Кітапхана

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті

Біз туралы

Кітапхана басшысы Калиева Назымгуль Сиязбековна

e-mail: n.kalieva@shakarim.kz

Кітапхана «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» ҚеАҚ жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттерге, ғылыми – педагогикалық қызметкерлерге және басқа да оқырмандарға тез және сапалы кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және іске асырады.

Кітапхананың кітап қоры қазақша, орысша және шет тілдерінде университет бейініне сәйкес әртүрлі білім салалары бойынша жинақталған. Әдебиеттер гуманитарлық және қоғамдық-саяси ғылымдар, экономикалық және заң туралы іргелі ғылым салалары бойынша топтасқан, сондай-ақ әлемдік көркем әдебиеттің орысша, қазақша және шет тілдеріндегі бай кітап қоры бар.

Университеттің оқу ғимараттарында кітапхананың 5 оқу залы және 6 оқу абонементі бар. Кітапхана оқырмандарының Internet ғаламдық ақпараттық желісін мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану мүмкіндігі бар.

Кітапхана пайдаланушылары Ресей Мемлекеттік кітапханасының толықмәтінді дерек қорына, Республикалық Жоғары орындары арасындағы электронды кітапханаға, қолжетімді тегін электронды ресурстарына ену мүмкіндіктері жасалған.

Кітапхана миссиясы

Кітапхана өз миссиясын заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға көмек көрсету деп біледі.

Кітапхананың мақсаты – кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуге, оқырмандарды қажетті әдебиеттер мен ақпараттармен қамтамасыз етуге, университет профиліне сәйкес білікті кадрларды даярлаудың ішкі мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.

Кітапхананың міндеті – сапаның халықаралық стандарттарға сәйкестігі, университеттің профиліне сәйкес қор құру, тиімді қызмет көрсету.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

НАО Университет имени Шакарима города Семей. © 2001-2025. Все права защищены.