logo

Кітапхана

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті

image

«Тұрар Рысқұлов -тарихи тұлға» атты тарихи сағаты өткізілді

2024 жылдың 13-желтоқсанында Shakarim University -дің бас ғимаратының Үш анық конференц залында кітапхананың ұйымдастырумен Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына орай, «Тұрар Рысқұлов -тарихи тұлға» атты тарихи сағаты өткізілді. Филология жоғары мектебінің магистранттары және Физика және химия зерттеу мектебінің 3 курс студенті Тұрар Рысқұловтың өмірінің тарихи мұра ретіндегі маңызы туралы, тарихи деректері туралы презентация, баяндамалар жасады. Тұрар Рысқұлов елімізді нығайтуға көп үлес қосқан тарихи тұлға. Қиын қыстау заманда халық игілігі үшін аянбай қызмет етіп, талай игі бастамаға ұйтқы болған. Шараның соңында Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Исин Амантай Исаевич осы тұрғыда пікірімен бөлісіп, іс-шараға оң бағасын берді. Тарихи сағатты ұйымдастырушылар Тұрар Рысқұловтың өмірі мен еліміміз үшін жасаған еңбектері туралы іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғыс айтты.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

НАО Университет имени Шакарима города Семей. © 2001-2025. Все права защищены.