Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында цифрландыру мен жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізудің маңызына ерекше тоқталды. Президент атап өткендей, жаңа технологияларды тиімді пайдалану – бәсекеге қабілетті қоғам құрудың басты шарты. Бұл міндет білім беру, ғылым және мәдениет салаларына, соның ішінде кітапхана жүйесіне де тікелей қатысты. Ақпараттық ресурстарды басқару. ЖИ технологиялары кітап қорын цифрлық форматқа көшіруді, электрондық каталогтарды жүйелеуді жеңілдетеді. Бұл пайдаланушыларға қажетті деректерді жедел әрі дәл табуға мүмкіндік береді.Президент Жолдауында айтылғандай, цифрлық шешімдерді енгізу – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Осыған сәйкес, кітапханаларда жасанды интеллектіні дамыту – ұлттық білім кеңістігінің сапасын көтеріп, жастардың ғылым мен оқуға қызығушылығын арттырудың пәрменді құралы.
Жаңа кітаптар
НАО Университет имени Шакарима города Семей. © 2001-2025. Все права защищены.