Игі шараға оқытушылар, студенттер және кітапхана оқырмандары белсене қатысып, кітап қорын толықтыруға өз үлестерін қосты. Акция аясында түрлі саладағы оқу, ғылыми және көркем әдебиеттер сыйға тартылып, кітапхананың мазмұндық қоры жаңа басылымдармен толықты.
Бұл бастаманың басты мақсаты – қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және кітапхананы жаңа әдебиеттермен байыту.
Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани дамудың негізі. Осындай игі іске атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.