4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айшықтайтын ерекше мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тарихын, мәдениетін, ұлттық құндылықтары мен болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті нышандар. Олар еліміздің бірлігі мен тұтастығын, бейбітшілік пен тұрақтылыққа негізделген даму жолын айқындайды.
Мемлекеттік рәміздер – әрбір қазақстандықтың мақтанышы, Отанға деген сүйіспеншіліктің, патриоттық рухтың және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Рәміздерді құрметтеу – тәуелсіз мемлекетке деген құрметтің белгісі.
Осы мереке күні баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанның абыройы асқақтай беруіне тілектестік білдіреміз.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.