Іс-шара барысында қатысушылар кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттермен, мамандықтарына қатысты оқу-әдістемелік басылымдармен, мерзімді басылымдармен және электронды ресурстармен танысты. Кітапханашылар оқу үдерісінде қажетті дереккөздерді тиімді пайдалану жолдарын түсіндіріп, заманауи ақпараттық платформалармен жұмыс жасау бойынша жан-жақты ақпарат берді.
Ақпарат күні мазмұнды әрі пайдалы форматта өтті. Студенттер өз мамандықтары бойынша қажетті әдебиеттерді іздеу, табу және қолдану дағдыларын жетілдіріп, электронды ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктерімен кеңінен танысты. Сонымен қатар, кітапхананың қызмет көрсету түрлері мен мүмкіндіктері туралы толық мәлімет ұсынылды.
Аталған іс-шара студенттердің білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың ақпараттық сауаттылығын дамытуға және оқу үдерісін сапалы ұйымдастыруына оң ықпал етті.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.