logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

image

«Ашық микрофон: Кітап – өмір шырағы»

«Ашық микрофон: Кітап – өмір шырағы»

Шәкәрім университетінің №1 Студенттер үйінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Ашық микрофон: Кітап – өмір шырағы» атты рухани-ағартушылық іс-шара өтті.

Іс-шараға Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің БТ-2603 тобының студенттері қатысып, кітап оқудың маңызы мен рухани құндылықтар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар оқыған шығармалары туралы пікір білдіріп, әдебиеттен алған әсерлерімен бөлісіп, еркін ойлау мен сөз сөйлеу мәдениетін көрсетті.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың көркем әдебиетке және ғылыми-танымдық әдебиеттерге қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеті мен шешендік өнерін дамыту, өз көзқарасын ашық жеткізуге мүмкіндік беру.

Кітап – ойға қанат бітіріп, сананы сәулелендіретін рухани қазына. Кітап оқитын ұрпақ – ойы озық, рухы биік ұрпақ!

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.