2025 жылдың 31 қаңтар күні «ЖасStar» Co-working орталығында кітапхана ұжымы мен Филология жоғары мектебінің магистранттарының ұйымдастыруымен биылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында проза жанры бойынша ұсынылған ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың «Тұлпардың тағдыры» атты әңгімесі талданды. Кітапхана ұйымдастырған талдауға Филология жоғары мектебінің оқытушылары, студенттері қатысты. Іс -шараға қатысушыларға әңгіменің мазмұны терең ой салып, шабыт сыйлады. Кеш соңында оқытушылар мен студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, осындай шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
Жаңа кітаптар
НАО Университет имени Шакарима города Семей. © 2001-2025. Все права защищены.