«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясындағы әдеби талдау
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамасын жүзеге асыру аясында Шәкәрім университеті кітапханасында 2026 жылғы 17 шілде күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде әдеби-танымдық талдау ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында биылғы жылға таңдалған шығарма жан-жақты талданып, оның көркемдік ерекшелігі, идеялық мазмұны, тәрбиелік мәні мен ұлттық руханияттағы орны сараланады. Кітапханашылар шығарманың әдеби құндылығына тоқталып, қатысушылармен мазмұнды пікір алмасады.
Әдеби кездесу кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, ұлттық әдеби мұраны насихаттауға, оқырмандардың көркем шығармаға деген танымдық көзқарасын қалыптастыруға және рухани мәдениетін дамытуға бағытталған.
Кітап – ұлттың рухани қазынасы. Бірге оқып, бірге талдайық!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.