logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

image

«ЕГЕМЕН ЕЛІМ – ТІРЕГІМ»

  «ЕГЕМЕН ЕЛІМ – ТІРЕГІМ»

Республика күніне орай Шәкәрім университетінің Бас оқу ғимараты кітапханасында «Егемен елім – тірегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Абай елінің төрінде, ұлы ойшыл Шәкәрім мен Абайдың рухани мұрасы тоғысқан киелі Семей өңірінде елдік пен еркіндікті дәріптеу – ұрпаққа аманат болған асыл міндет.

1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация Қазақстанның тәуелсіздікке бастар тарихи жолындағы маңызды қадам болды. Бұл күн – ұлттық бірліктің, азаттықтың және ел болашағына деген сенімнің символы.

 Көрме оқырмандарды еліміздің тарихымен, тәуелсіздік шежіресімен және ұлттық құндылықтарымызбен таныстырып, отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталған.

Абай елі – руханияттың алтын бесігі,
Егемен елім – жүректің мәңгілік тірегі!

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.