2025 жылғы 12 желтоқсанда «Шәкәрім университетінің» 8-ғимарат кітапханасында Өнер академиясы студенттерімен бірлесе отырып «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегені, оның тарихи маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Құттықтау және мазмұнды баяндама жасау үшін сөз «Бизнес және коммуникация жоғары мектебі», Тілдік коммуникация кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ибраемова Майра Сансызбаевнаға берілді.
Мерекелік кешке Өнер академиясының ұлағатты ұстазы Ақжігіт Қайрат мырзаның ұлдары арнайы қонақ болып қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Көрермендер өнерпаздардың өнерін зор ықыласпен қабылдады.
Кеш соңында іс-шараға қатысқан студенттер мен шақырылған қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.
Жаңа кітаптар
НАО Университет имени Шакарима города Семей. © 2001-2025. Все права защищены.