Шәкәрім университетінің кітапханасының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылау аясында «Еңбек ер атандырады» атты диспут форматындағы ашық пікірталас өтті.
✅Пікірталастың негізгі мақсаты – білім алушылардың сыни ойлау қабілетін, пікір білдіру мәдениетін дамыту, сонымен қатар еңбекке деген құрметті қалыптастыру болды. Ашық алаң білім алушыларға өз ойларын еркін жеткізуге, әртүрлі көзқарастарды талқылауға мүмкіндік берді.
🔖Іс-шара барысында қатысушылар еңбек адамның өміріндегі рөлі мен мәні, кәсіби дағдыларды дамыту жолдары, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызы туралы өз пікірлерін білдірді.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.