2026 жылдың 10 сәуірінде Шәкәрім университетінің №3 оқу ғимараты кітапханасында ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Ғылым және ғалымдар» атты қызықты викторина өткізілді.
Іс-шараға Білім беру жоғары мектебінің 2 курс студенттері қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Шараның негізгі мақсаты – студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін дамыту және аналитикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.