2026 жылғы 18 ақпанда бас ғимарат кітапханасының оқу залында «Биоинженерлік жүйелер» кафедрасының 3-курс студенттеріне арналған мазмұнды іс-шара өтті.
Іс-шара кафедраның қауымдастырылған профессоры С.С. Төлеубековамен бірлесіп, «Ғылыми зерттеу негіздері» пәні аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттер мерзімді басылымдармен және электрондық деректер базаларымен жұмыс істеу жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді.
Білім алушылар ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті ақпаратты іздеу, сұрыптау және тиімді пайдалану тәсілдерімен танысып, кітапхананың заманауи ресурстарын кеңінен қолдану мүмкіндіктерін үйренді. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратпен жұмыс істеудің мәдениеті мен академиялық адалдық қағидаттары туралы мағлұмат алды.
Кездесудің басты мақсаты – оқытушылар мен білім алушылардың кітапханамен тығыз байланысын нығайту, ғылыми ақпаратты сауатты пайдалану мәдениетін қалыптастыру және зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру.
📚 Кітапхана – сапалы білім мен табысты ғылыми ізденістің сенімді серігі!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.