logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  • /
  • Жаңалықтар /
  • «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
image

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шәкәрім университетінің 8 -ші оқу ғимаратында орналасқан кітапханада кітапханашы ұйымдастыруымен «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және кітаптың рухани құндылық ретіндегі маңызын насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, кітап туралы нақыл сөздер айтты. Кездесу қатысушылары кітаптың адам өміріндегі, әсіресе тұлғаның қалыптасуындағы маңызын атап өтіп, оны рухани байлықтың қайнар көзі ретінде қабылдайтындықтарын жеткізді.

Шара мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтіп, студенттерге үлкен әсер қалдырды.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

НАО Университет имени Шакарима города Семей. © 2001-2025. Все права защищены.