📌16 мамыр күні Мемлекет басшысы адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және білімді әрі бәсекеге қабілетті оқырман ұлт қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
✔️Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар жобаны жүзеге асыруды бастады.
Аталмыш бағыттағы жобалардың бірі – 2026 жылдың қыркүйегінде басталатын «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру жұмысын бастады.
✔️Кейінгі бес жылда электронды форматтағы кітаптарды оқу көрсеткіші 9 миллионнан асты.
Елімізде заманауи кітапхана ісін дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Тек 2025 жылдың өзінде үш жаңа кітапхана ашылып, қала және ауылдық жерлердегі 36 кітапхана заман талабына сай жаңғыртылды. Биыл тағы 30 нысанды жаңарту жоспарланып отыр.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.