«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап талқылауы өтті!
2026 жылғы 6 қарашада Шәкәрім университетінің Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің кітапханасында кітапханашылар Қазгасым А.Т. және Монобаева Ж.А. ұйымдастыруымен студенттер арасында Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасы талқыланды.
Кездесу барысында студенттер Шұға мен Әбдірахманның тағдырлы махаббаты арқылы сол кезеңдегі әлеуметтік теңсіздік, ескі әдет-ғұрып пен әйел теңсіздігі мәселелерін сөз етті.
Сонымен қатар, Арай Тлешқызы студенттерге тағылымды ақыл-кеңесін айтып, білімге ұмтылудың, кітап оқудың және рухани дамудың маңыздылығына тоқталды.
📖 Кітап оқу – рухани байлықтың бастауы, ал оны бірге талқылау – ой мен танымның дамуы!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.