📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ АЯСЫНДАҒЫ КІТАП ТАЛҚЫЛАУ
Бүгін университет кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында кезекті кітап талдау іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебінің ұжымы қатысып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқыған шығарманы талдау және өзара пікір алмасу бағытында мазмұнды әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында марафонға тіркелген қатысушыларға жобаның алдағы кезеңдері, одан әрі атқарылатын жұмыстар мен қатысу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар кітап оқу мен талқылаудың маңыздылығы, оқыған кітаптан түйген ойды ортаға салу және алған әсермен бөлісу мәселелері талқыланды.
📖 Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі, ал оны оқу – ой-өрісті кеңейтіп, білім көкжиегін арттыратын игі дәстүр.
Кездесу өте қызықты әрі әсерлі өтті. Белсенділік танытып, іс-шараға атсалысқан Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебінің ұжымына алғысымызды білдіреміз!
Кітап оқиық, ой бөлісейік, рухани байиық!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.