logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  • /
  • Жаңалықтар /
  • «Кітап оқитын ұлт» – рухани кемелдікке бастар жол!
image

«Кітап оқитын ұлт» – рухани кемелдікке бастар жол!

«Кітап оқитын ұлт» – рухани кемелдікке бастар жол!

Бүгін «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Мен оқыған кітап» тақырыбында Shakarim High School мектебінің 10-сынып оқушыларымен қазақтың ұлы ойшылы, хакім Абайдың қара сөздеріне арналған мазмұнды әдеби-танымдық талқылау өтті.

Кездесу барысында Абайдың 7, 19 және 31-қара сөздері негізге алынып, адам жанының тәрбиесі, білімге құштарлық, естігенді есте сақтау, ақыл мен қайратты дамыту, естіген-білгенді ұмытпай, көңілге тоқудың маңызы туралы ой қозғалды.

Оқушылар ұлы ақынның терең тағылымына үңіліп, қара сөздердің бүгінгі өмірмен байланысын талқылады. Абай көтерген адамгершілік, білім, сана мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері жас ұрпақтың ойына ой қосып, рухани дүниесін байытуға бағыт берді.

Абайдың қара сөздері – уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетін өмірлік өсиет, адамдықтың өлшемі. Кітап оқу – тек білім алу емес, өзіңді тану, ойыңды дамыту, өмірге тереңірек қарау.

📖 «Кітап оқитын ұлт – ойлы ұлт, рухани бай ұлт!»

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық руханиятқа құрметін нығайта түседі.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.