logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

image

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ!

📚 КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ!

Бүгін университет кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кезекті кітап талдау іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты Жолымбаев Оралтай Мұратқанұлы және Ми-301 тобының студенттері қатысты.

Кездесу барысында  Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» атты шығармасы жан-жақты талданып, кітаптың негізгі идеясы, көтерген тақырыптары мен тәрбиелік мәні кеңінен әңгімеленді.

Сонымен қатар, «Кітап оқитын ұлт» жобасының мақсаты мен маңыздылығы түсіндіріліп, марафон аясында атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу соңында Оралтай Мұратқанұлы студенттерге өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, тағылымды ақыл-кеңесін айтып, білімге ұмтылу, кітапты серік ету және рухани дамудың маңыздылығына тоқталды.

 Осындай мазмұнды кездесулер жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтіп, рухани дүниесін байыта түсетіні сөзсіз.

Кітап оқу – білімге бастар жол, ал білімді ұрпақ – ел болашағы!

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.