«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Бүгін «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында университетіміздің 4 және 5- оқу ғимараты студенттерінің қатысуымен 4-ғимарат кітапханасының оқу залында тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шараға Білім берудің жоғары мектебі, Бизнес және коммуникация жоғары мектебі, Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің студенттері қатысып, кітап оқудың білім мен тұлғалық дамудағы маңызы туралы ой бөлісті.
Кездесу барысында студенттер кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, білімге ұмтылу және ел болашағына жауапкершілікпен қарау жөніндегі өз пікірлерін білдірді. Барша қатысушылар «Кітап оқитын ұлт – зерделі ұлт» қағидасын қолдап, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуға ниетті екендерін жеткізді.
📚 Кітап – білімнің бастауы, ал білімді ұрпақ – ел болашағының берік негізі.
Іс-шараға қатысқан студенттерге және марафонды қолдаған кафедра меңгерушілеріне ерекше алғысымызды білдіреміз!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.