logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  • /
  • Жаңалықтар /
  • «Кітап оқитын ұлт»республикалық кітап оқу марафоны
image

«Кітап оқитын ұлт»республикалық кітап оқу марафоны

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – КІТАППЕН БІРІККЕН БІРТҰТАС ОРТА

Бүгін Шәкәрім университетінің кітапхана ұжымы ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны аясында университеттің коворкинг алаңында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

Кездесуге 1-курс студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, Shakarim High School мектеп оқушылары және университет қызметкерлері  қатысты.

🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар, оқытушылар, мектеп оқушылары мен университет қызметкерлері арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем және ғылыми әдебиетті насихаттау, сондай-ақ кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.

📖 Марафон – әр оқырманды кітаппен жақындастырып, оқуға, ойлануға, талдауға және өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін ортақ рухани жоба.

Шәкәрім университетінің кітапханасы барша оқырман қауымды марафонға белсенді қатысуға шақырады!

Кітап оқитын ұлт – ойлайтын, ізденетін, білімді ұлт!
📚💙 Кітаппен бірге – жаңа білімге, жаңа мүмкіндіктерге!

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.