logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

image

📚🔬 «КІТАП ПЕН ҒЫЛЫМ»

📚🔬 «КІТАП ПЕН ҒЫЛЫМ»

Ғылым күніне орай Бас ғимарат кітапханасында «Кітап пен ғылым: Зияткерлік сұрақ-жауап алаңы» атты интеллектуалды іс-шара 08 сәуір күні жоғары деңгейде өтті.

Аталған шараға Shakarim High School-дың 10 «А» сынып оқушылары қатысып, екі топқа бөлініп, өзара білім сайысында бақ сынады. Қатысушылар ғылым мен кітапқа қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлау қабілеттерін, білім деңгейлерін және тапқырлықтарын көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген ынтасын күшейту және зияткерлік әлеуетін дамыту болды.

Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, жоғары дайындықпен келгендерін көрсетті. Нәтижесінде, достық атмосферада өткен бұл сайыс оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың білімге деген құштарлығын арттыра түсті.

Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың рухани және интеллектуалды дамуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.