logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

image

📚 «Кітап – рухани қазына»

📚 «Кітап – рухани қазына»

Шәкәрім университетінің бас ғимаратының холында Ұлттық кітап күніне арналған 10 күндік аясындағы қорытынды іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Бұл тағылымы мол кездесуге Shakarim High School ұстаздары мен оқушылары, сондай-ақ Шәкәрім жоғары колледжінің ұстаздары мен студенттері белсене қатысып, рухани мерекенің көркін аша түсті. Барша қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Іс-шара барысында кітапхана сайты таныстырылып, кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен заманауи қызметтері кеңінен насихатталды. Қатысушылар қызықты викториналық ойындарға қатысып, «миға шабуыл» форматындағы тапсырмаларда белсенділік танытты. Сонымен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктері көрсетіліп, білім мен технологияның үйлесімі көрініс тапты.

📖 Кітап – тек білім көзі ғана емес, ол – рухани байлықтың қайнар бұлағы. Осындай игі шаралар арқылы кітапқа деген сүйіспеншілік артып, оқу мәдениеті жаңа деңгейге көтеріледі.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.