📚✨14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай , 8-ші оқу ғимаратында орналасқан кітапхана қорына ПХ-2501 тобының студенттері кітап сыйлады. Бұл игі бастама – жас ұрпақтың кітапқа деген құрметі мен білімге деген құштарлығының айқын көрінісі. Студенттер өз үлестерін қосу арқылы кітапхана қорын толықтырып қана қоймай, рухани құндылықтарды дәріптеуге атсалысты.
Халықаралық кітап сыйлау күнінің басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, білім алуға ынталандыру және кітаптың қоғамдағы маңызын насихаттау.
Кітап – сарқылмас қазына, білімнің бастауы. Осындай ізгі шаралар жастардың рухани дамуына жол ашып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.