📚✨ «Кітаппен түскен ең әдемі фото» челленджі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары арасында «Кітаппен түскен ең әдемі фото» челленджі жалғасуда.
Бұл игі бастаманың негізгі мақсаты – жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін насихаттау және кітаптың рухани құндылығын дәріптеу. Челлендж аясында студенттер, оқытушылар мен кітапхана қызметкерлері өздерінің сүйікті кітаптарымен түскен фотосуреттерін жариялап, оқуға деген сүйіспеншілігін бөлісуде.
Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен парасаттың қайнар көзі. Әрбір оқылған кітап жаңа ойға жетелеп, дүниетанымды кеңейтеді, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Шәкәрім университетінің кітапханасы барлық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын кітап оқуды насихаттауға белсенді қатысуға шақырады. Сүйікті кітабыңызбен түскен әсерлі фотосуретіңізді жариялап, оқу мәдениетін қалыптастыруға өз үлесіңізді қосыңыз.
📖 Кітап оқитын ұлт – болашағы жарқын ұлт!
Бірге оқиық, бірге ойлайық, бірге дамиық!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.