Бүгін біздің кітапханамызда ерекше мереке өтті!
24 қазан — білім мен парасаттың, ізденіс пен руханияттың ордасы саналатын Кітапханашылар күні! Кітапханашылар күніне орай Shakarim High School белсенді оқушылары арасында қызықты кітап талдау шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар өздері оқыған кітаптарын таныстырып, ойларымен бөлісіп, сүйікті кейіпкерлері туралы әсерлі әңгімелер айтты. Әр сынып өз шығармашылығын көрсетіп, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін танытты. Сонымен қатар, білім мен руханияттың шамшырағы болған кітапханашыларды шын жүректен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
Білім мен кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға атсалысқан мектеп оқушыларына және ұймдастырушыларына зор алғыс айтамыз! Сіздердің ізгі тілектеріңіз бен жылы сөздеріңіз кітапхана ұжымы үшін үлкен шабыт пен қуаныш сыйлады!
Жаңа кітаптар
НАО Университет имени Шакарима города Семей. © 2001-2025. Все права защищены.