23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай елімізде ұйымдастырылған «Мен оқыған 10 кітап» рухани акциясы аясында Шәкәрім университетінің ғалым-профессорларымен мазмұнды сұхбаттар жүргізілді.
Аталған жобаға философ, әдебиеттанушы, географ, Шәкәрім университеті жанындағы Шәкәрімтану ғылыми орталығының басшысы Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университетінің профессоры Исин Амантай Исаұлы және «Тарих және археология» ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Насыров Мадияр Газинурович қатысты.
Ғалымдар өздерінің оқырмандық мәдениетімен бөлісіп, оқыған кітаптарының мазмұны мен рухани құндылығына терең талдау жасады. Әр сұхбат барысында ұлттық әдебиет, әлемдік классика, тарих пен руханият жайлы тағылымды пікірлер айтылып, кітаптың адам өміріндегі маңызы кеңінен насихатталды.
Әсіресе, көне кітаптардан құралған рухани қазынасын сақтап келе жатқан профессор Амантай Исаұлының кітапқа деген құрметі мен ғалымдардың парасатты ойлары оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады.
Осы тағылымды сұхбаттарды Шәкәрім университеті кітапхана ұжымы «Ертіс өңірі» басылымы арқылы көпшілікке ұсынды. Рухани құндылықты дәріптеген бұл жоба жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдениет пен білімге деген құрметті нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.