logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

image

📚✨ «Мен сені сағынғанда…» ✨📚

Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай 19.02.2026 жылы 7-ші бас ғимарат кітапханасында ақындық сағат өтті.

Поэзия кеші ақынның сыршыл лирикасына, жүрекке жетер жырларына арналды. «Мен сені сағынғанда…» атты әдеби кеш барысында студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармаларындағы махаббат, сағыныш, өмір мен тағдыр тақырыптарына терең үңілді.

Кеш қонақтары Мұқағали жырларынан рухани нәр алып, ақын әлеміне саяхат жасады. Әдеби шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ақын мұрасын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

💫 Мұқағали жыры – мәңгілік.
💫 Мұқағали үні – жүректе.
💫 Мұқағали мұрасы – ұрпаққа аманат.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.