logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

image

«Менің сүйікті кейіпкерім"

2026 жылдың 21 сәуірінде №4 оқу ғимаратының кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күніне» орай өткен 10 күндік апталық аясында кітапханалық квест форматында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты танымдық іс-шара өтті. Аталған шараға Бизнес және коммуникация жоғары мектебінің ФЖ-2501 және ЖУ-2501 топтарының студенттері  қатысып, өзара шығармашылық байланыс орнатты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем шығарма кейіпкерлері арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту болды. Қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, сүйікті кейіпкерлерін жаңаша қырынан таныстырып, квест барысында өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Іс-шара соңында университеттің Басқарма мүшесі – ғылым жөніндегі проректор Ж. Қалибекқызының атынан белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар табысталып, олардың ізденісі мен белсенділігі жоғары бағаланды.

Аталған іс-шара студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың рухани дамуына оң ықпал етті.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.