logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

image

Наурыз – жаңару мерекесі.

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы 8 корпус кітапханасында ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған мерекелік шараға Шәкәрім жоғары колледжінің дайындық бөлімі студенттері белсенді қатысып, мерекенің көркін қыздырды.

Іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері насихатталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әндер шырқалып, әсем билер орындалды. Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылып, студенттер өз өнерлері мен белсенділіктерін көрсетті.

Мерекелік кеш қонақтарға шаттық пен жылулық сыйлап, Наурыздың басты мәні — жаңару, бірлік пен татулық идеясын айқын сезіндірді. Кітапхана қабырғасында өткен бұл тағылымды шара жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.