«ОТАН – АЛТЫН БЕСІГІМ»
Республика күні қарсаңында Шәкәрім университетінің №4 оқу ғимараты кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Отан – алтын бесігім» атты мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
Рухани-танымдық іс-шараға ТА-2601 тобының студенттері қатысып, Отан, туған жер, елдік пен ерлік тақырыптарында қалам тербеген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көркем шығармалар арқылы туған жердің қадірі, елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершіліктің маңызы кеңінен талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, туған жердің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және елжандылыққа тәрбиелеу.
Отанды сүю – туған жерді құрметтеуден, ел тарихын танудан және оның болашағына жауапкершілікпен қараудан басталады. Өйткені Отан – әр адамның жүрегіндегі ең қымбат ұғым, алтын бесігі!
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.