"Qasym баспасы" мен SHAKARIM UNIVERSITY кітапханасы бірлесіп кітап жәрмеңкесін ұйымдастырды.
07.10.2025 күні SHAKARIM UNIVERSITY -дің бас ғимаратында Qasym баспасы мен кітапхана бірлесіп ұйымдастырған кітап жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқырмандарға сапалы отандық басылымдарды ұсыну және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру болды. Жәрмеңке барысында баспа өз қорындағы көркем әдебиетті ұсынды. Келушілер өздеріне ұнаған кітаптарды сатып алды.
Бұл жәрмеңке – рухани құндылықты дәріптеу мен кітап мәдениетін дамыту жолындағы маңызды қадам.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.