logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  • /
  • Жаңалықтар /
  • «Қазақстан Республикасы: тарих, әдебиет, болашақ» атты тарихи-әдеби сағат
image

«Қазақстан Республикасы: тарих, әдебиет, болашақ» атты тарихи-әдеби сағат

«Қазақстан Республикасы: тарих, әдебиет, болашақ» атты тарихи-әдеби сағат

Қазақстан Республикасы күніне орай Ветеринария және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу мектебінің кітапханасында «Қазақстан Республикасы: тарих, әдебиет, болашақ» атты тарихи-әдеби сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны дәріптеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және жас ұрпақтың Қазақстанның болашағына деген сенімін нығайту.

Тарихи-әдеби сағат барысында студенттер қазақ халқының тарихы мен рухани құндылықтарын Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясы, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы және Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы таныды. Аталған шығармалар негізінде халқымыздың тарихи жолы, ұлттық болмысы, әдеби мұрасы мен жас ұрпақтың ел болашағындағы рөлі туралы ой қозғалды.

Іс-шараға «Мал шаруашылығы технологиясы» мамандығының 1-курс студенттері, «МШ-2601» тобының білім алушылары, сондай-ақ «Ветеринария» және «Агрономия» мамандықтарының студенттері  қатысты.

Іс-шара соңында кітапханашы қатысқан студенттерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Тарих пен әдебиетті тоғыстырған бұл кездесу жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, ұлттық әдеби мұраға деген құрметті арттыруға және Қазақстан Республикасының өткені мен бүгінін танып, болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.