«Кітап оқитын ұлт» – рухани құндылықтар бастауы!
26 қарашада Шәкәрім университетінің №4 оқу ғимаратында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында университет кітапханашыларының ұйымдастыруымен Бизнес және коммуникация жоғары мектебінің білім алушылары қатысқан әдеби-танымдық кездесу өтті.
Кездесуге PhD, қауымдастырылған профессор, «Экономика және қаржы» кафедрасының аға кураторы Оразғалиева Арайлым Қанатқызы қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» шығармасы талқыланды.
Кездесу барысында әке тұлғасының отбасы өміріндегі орны, әкелік өнеге, отбасы құндылықтары, ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбие мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар шығарма мазмұнына терең бойлап, өз ойларын ортаға салып, тағылымды пікір алмасты.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Кітап – ойға ой қосып, жүрекке ізгілік ұялататын рухани қазына. Оқитын ұрпақ – озық ойлы ұлттың кепілі!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.