Шәкәрім университетінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми форум өтті
Шәкәрім университетінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми форум өтті. Маңызды басқосуға Қазақстан, Жапония және Канада елдерінің ғалымдары қатысып, ядролық сынақтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізген зардаптарын жан-жақты талқылады.
Форум аясында ұйымдастырылған кітап көрмесі де қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жапонияның Хиросима университеті Радиaциялық биология және медицина ғылыми-зерттеу институтының профессоры Масахару Хоши (Masaharu Hoshi) Кешірім Бозтаевтың «Семей полигоны: Қайнар қасіреті» атты шығармасына ерекше қызығушылық танытып, кітап мазмұны мен Семей полигонының тарихы туралы қосымша ақпарат сұрады.
Профессор көрмедегі әрбір басылыммен мұқият танысып, ұсынылған материалдарға ерекше ықыласпен зейін қойып тыңдады. Көрменің мазмұнына жоғары бағасын беріп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Кітап – тарихтың үнін жеткізетін рухани көпір. Ал Семей полигонының қасіреті – адамзатқа бейбітшіліктің қадірін ұғындыратын тағылымды тарих.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.