Shakarim High School оқушылары оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілді
Жаңа оқу жылының басталуына орай Шәкәрім университетінің Shakarim High School мектебінің 10–11 сынып оқушылары қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілді.
Оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес қажетті оқулықтар мен оқу құралдары кітапхана қоры арқылы берілді. Бұл жұмыс білім алушылардың оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға, өздігінен ізденуіне және білім сапасын арттыруға бағытталған.
Кітапхана – білім мен ғылымның маңызды ортасы. Оқушыларды қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету арқылы олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім алуға қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі.
📚 Жаңа оқу жылы білімге деген құштарлықпен, жаңа ізденістермен және жарқын жетістіктермен басталсын!
Shakarim High School оқушыларына оқу жылында сәттілік, жоғары нәтиже және жаңа белестер тілейміз!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.