logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  • /
  • Жаңалықтар /
  • «Сіз үшін кітапхана: профессор-оқытушылар құрамымен өзара байланыс» кітапханалық сағаты
image

«Сіз үшін кітапхана: профессор-оқытушылар құрамымен өзара байланыс» кітапханалық сағаты

«Сіз үшін кітапхана: профессор-оқытушылар құрамымен өзара байланыс» кітапханалық сағаты

Шәкәрім университетінде кітапхананың профессор-оқытушылар құрамымен өзара байланысын нығайтуға бағытталған «Сіз үшін кітапхана: профессор-оқытушылар құрамымен өзара байланыс» атты кітапханалық сағат ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамын университет кітапханасының заманауи мүмкіндіктерімен таныстыру, ғылыми-білім беру үдерісіндегі кітапхананың рөлін арттыру және оқытушылар мен кітапхана арасындағы кәсіби байланысты одан әрі дамыту.

Кітапханалық сағат университеттің бірнеше оқу ғимаратында өткізілді. Атап айтқанда, №5 оқу ғимаратындағы Ж. Үшкемпіров атындағы дәрісханада, №3 оқу ғимаратының коворкинг кеңістігінде және Бас ғимараттағы «Үш анық» конференц-залында профессор-оқытушылар құрамымен мазмұнды кездесулер өтті.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.