2026 жылдың 14 сәуірінде №4 оқу ғимаратының кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Шөмішбай Сариев – жыр әлемінің сыршыл перзенті» атты әдеби дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Бизнес және коммуникация жоғары мектебінің 2 курс студенттері қатысып, ақын шығармашылығы төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға ақын мұрасын кеңінен насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және рухани-әдеби таным көкжиегін кеңейту. Кездесу барысында студенттер ақын өлеңдерінің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы өз ойларын ортаға салды.
Осындай тағылымы мол рухани кездесулер жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.