Бүгін Шәкәрім университетінде көрнекті жазушы, ғалым, әдебиет зерттеушісі, публицист Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдық мерейтойына арналған тағылымды конференция өтті.Осы айтулы шараға орай Шәкәрім университеті кітапханасы қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолын, ғылыми-зерттеу еңбектерін және ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесін кеңінен таныту мақсатында 5 бағыт бойынша мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды. Әр бағыттың тақырыбы жай ғана көрме атауы ретінде емес, Тұрсын Жұртбайдың шығармашылық мұрасын жан-жақты зерттеу негізінде іріктеліп, жазушының өмір жолы, ғылыми ізденісі, Алаш мұрасын зерттеудегі еңбегі, көркем шығармалары мен публицистикасы қамтылды.
Көрмеге қаламгердің кітаптары мен шығармалары, ол туралы жазылған зерттеулер мен мақалалар ұсынылып, оқырманға Тұрсын Жұртбай әлемін тереңірек тануға мүмкіндік беретін рухани-танымдық кеңістік қалыптастырылды.
Бұл көрме – жазушы шығармашылығын дәріптеу ғана емес, ұлт тарихын, Алаш аманатын, әдебиет пен руханиятты ұрпақ санасына жеткізудің бір жолы.
Конференция барысында кітапхана ұйымдастырған көрме көпшілік назарына ұсынылып, оған келген қонақтар тарапынан жоғары бағаланды. Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы да көрмені тамашалап, кітапхана ұжымының еңбегіне қошеметін білдірді.
Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдық мерейтойы – бір қаламгердің шығармашылық белесін ғана емес, ұлттық әдебиетке, тарихқа, ғылымға және руханиятқа адал қызмет еткен тұлғаның тағылымды жолын ұлықтау.
Тұлғаны тану – оның еңбегін танудан басталады.
Ал кітап – сол рухани мұраны ұрпаққа жеткізетін алтын көпір.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.