logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  • /
  • Жаңалықтар /
  • Ұлттық руханият пен кітап оқу мәдениеті: ғалыммен тағылымды сұхбат
image

Ұлттық руханият пен кітап оқу мәдениеті: ғалыммен тағылымды сұхбат

Ұлттық руханият пен кітап оқу мәдениеті: ғалыммен тағылымды сұхбат

2026 жылғы 26 маусым күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі» бастамасын жүзеге асыру аясында Шәкәрім университетінің кітапханасында мазмұнды сұхбат өтті.

Сұхбат қонағы – филология ғылымдарының докторы, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталығының басшысы Ақмарал Төлеуғазықызы Смағұлова.

Кездесу барысында Абай мен Шәкәрімнің әдеби-рухани мұрасын зерттеу мен насихаттаудың маңызы, ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңірудегі кітаптың рөлі, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелері және ғылыми орталықтың атқарып отырған жұмыстары туралы жан-жақты әңгіме өрбіді.

Ғалым ұлттық руханиятты жаңғыртуда кітаптың орны ерекше екенін атап өтіп, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайтудың маңызды кепілі екенін жеткізді.

Сұхбатты Шәкәрім университеті кітапханасының кітапханашысы Қазғасым Арай Төлешқызы жүргізді.

Осындай тағылымды кездесулер кітап оқу мәдениетін дәріптеуге, ұлттық әдеби мұраны кеңінен танытуға және студент жастардың рухани-мәдени танымын дамытуға өз үлесін қоса береді.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.