25 қазан – Республика күніне орай Шәкәрім университетінің №3 оқу ғимараты кітапханасында «Ұлы дала елі – Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – еліміздің бай тарихын, ұлттық құндылықтарын, мәдени мұрасын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын кеңінен насихаттау. Көрмеге қойылған әдебиеттер арқылы оқырмандар туған елінің өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, Отанға деген сүйіспеншілік пен елдік рухтың мәнін тереңірек түсіне алады.
Республика күні – азаттықты ардақтап, елдігімізді ұлықтайтын, ұлттық мақтанышымызды асқақтататын ерекше мереке!
Отанды сүю – тарихыңды танудан, туған жеріңді құрметтеуден басталады!
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.