logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  • /
  • Жаңалықтар /
  • «Ұлыларға тағзым – ұрпаққа үлгі!» атты ардагерлер мен жастар форумы өтті
image

«Ұлыларға тағзым – ұрпаққа үлгі!» атты ардагерлер мен жастар форумы өтті

2026 жылдың 5 наурызы күні Семей қаласында, Абай атындағы кітапхана ғимаратында Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Ұлыларға тағзым – ұрпаққа үлгі!» атты ардагерлер мен жастар форумы өтті. Іс-шараны Семей қаласы ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Форумның басты мақсаты – ұлт тарихында өшпес із қалдырған Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін насихаттау, жастарға тағылымды үлгі ету, сондай-ақ аға буын мен жас ұрпақ арасындағы рухани сабақтастықты нығайту болды.

Аталған іс-шараға Шәкәрім университеті бас ғимаратының кітапханасы да белсенді қатысып, Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен еңбектеріне арналған арнайы кітап көрмесін ұсынды. Көрмеге Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектері, тарихи зерттеулер, деректі басылымдар мен танымдық әдебиеттер қойылып, қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Форум барысында ардагерлер мен жастар ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың мұрасы туралы пікір алмасып, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы еңбектерінің маңызын атап өтті. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елдік рухты нығайтуға зор ықпал етеді.

Іс-шара рухани құндылықтарды дәріптеп, ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың мұрасын ұлықтауға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.