logo

Кітапхана

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  • /
  • Жаңалықтар /
  • ВжАШЗМ «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына қатысқан «Ветеринария» кафедрасы.
image

ВжАШЗМ «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына қатысқан «Ветеринария» кафедрасы.

10–18 ақпан аралығында Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің 5-ші оқу ғимараты кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – кітапхана қорын сапалы әрі заманауи оқу әдебиеттерімен толықтыру, студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасау және кітап оқу мәдениетін насихаттау.

Акцияға зерттеу мектебінің оқытушылары мен білім алушылары белсенді қатысып, кітапхана қорына мамандыққа қатысты оқу, ғылыми және танымдық еңбектерді тарту етті.

Атап айтқанда, «Ветеринария» кафедрасының ұжымы игі бастаманы қолдап, кітапхана қорын толықтыруға елеулі үлес қосты. Кафедра оқытушылары мен студенттерінің бұл бастамасы – білім мен ғылымға деген жанашырлықтың, кітапқа деген құрметтің айқын көрінісі.

Акцияға белсенді атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Кітап – рухани байлықтың алтын қазығы, ал оны бөлісу – үлкен мәдениеттің белгісі.

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.