Университет № 3 оқу ғимаратының кітапханасында 25 қарашасында "Кітап оқитың ұлт" марафоны аясында ХБ-2401 және ШТ-2605 топтарының студенттерінің қатысуымен жазушы-драматург Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" әңгімесін талқылауға арналған әдеби-танымдық іс-шара өткізілді.
Талдау барысында шығармадағы Семей ядролық полигонының зардаптары, адам тағдыры, экологиялық апаттың қасіреті және адамзат алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.
Іс-шараның мақсаты - жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем шығармаларды терең түсініп, талдай білуге бейімдеу.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.