«Жыл кітабы: бірге оқимыз» – рухани кездесуге ұласқан анонс
2026 жылғы 17 наурыз күні Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің 5-ші оқу корпусы кітапханасында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабы: бірге оқимыз» атты мазмұнды анонс өткізілді.
Биылғы акция аясында көрнекті қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романына ерекше назар аударылды. Іс-шараға ЛРО-2401, ЛРО-2402, ЛРО-2501 топтарының «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 және 2 курс студенттері белсенді қатысты.
Анонс барысында студенттер «Тағдыр» романының мазмұнымен танысып қана қоймай, қаламгердің «Соңғы көш», «Атамекен», «Дарабоз», «Прометей» сынды маңызды шығармаларына да шолу жасап, олардың тарихи және көркемдік ерекшеліктерін талқылады.
Қабдеш Жұмаділов шығармаларында ұлттық тарих, мәдени мұра, әлеуметтік мәселелер кеңінен көрініс тауып, адам тағдыры, елдік сана, рухани құндылықтар мен философиялық-моральдық ойлар терең бейнеленетіні атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттер оқыған туындыларынан алған әсерлерімен бөлісіп, шығармалардағы астарлы мағыналар жөнінде пікір алмасты. Кездесу жас оқырмандардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетін тереңірек тануға деген ынтасын нығайтты.
Жаңа кітаптар
Некоммерческое акционерное общество «Шәкәрім университет». © 2001-2026. Все права защищены.