logo

Кітапхана

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті

«Эпиграф»  электрондық оқулығы

ҚР жетекші мамандары мен оқытушыларының мультимедиялық оқулық басылымдары. Оқулықтар ҚР мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына толық сәйкес жасалған және мемлекеттік мекемелер аккредиттеген, бейне-дәрістерден, жоғары сапалы иллюстрациялардан (оның ішінде 3D форматында), схемалардан, графиктерден, тексеру тесттерінен тұрады. Shakarim University-де ғылыми-білім беру қызметі үшін 1000 мультимедиялық басылымға қолжетімділік берілген, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Ұсынылған басылымдардың көпшілігі бестселлер болып табылады.

Жүйе мәліметтер базасында ұсынылған барлық материалдарды толық мәтінді іздеуді жүзеге асыратын жоғары жылдамдықты іздеу жүйесімен жабдықталған. Максималды тиімділікті, жылдамдықты және пайдаланудың қарапайымдылығын қамтамасыз ету үшін жүйеге бірнеше кітап атрибуттары (кітап атауы, толық мәтін, автор және т.б.) бойынша іздеуге мүмкіндік беретін «Кеңейтілген іздеу» қосылды. Жүйе оқулыққа толық мәтінді қолжетімділікті қамтамасыз ететінін де айта кеткен жөн. Студенттік кабинет – студентке өз жинақтарын жасауға және олардың арасында оқу құралдарын таратуға мүмкіндік береді. Кітапханашы кабинеті – кітапханашыға белсенді  пайдаланушылардың есебін жүргізуге тиімді. «Эпиграф» университет желілеріндегі кез келген құрылғыға шектеусіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді. (Промо-кодты кітапхананың ресми сайтында, «Жазылым деректер базасы»  бөлімінен ала аласыз)

Сайтқа кіру промокоды: sgu25

Жаңа кітаптар

book
book
book
book
book
book
book
book
book
book

НАО Университет имени Шакарима города Семей. © 2001-2025. Все права защищены.